Ат ойыншық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ат ойыншық - ертеде тастан қашап жасалған бала ойыншығы. Р.Карутц еңбегінде қазақ балаларының жұмсақ жынысты тастың бір кесегін жылқы пошымына келтіріп қашап ойып жасайтыны туралы баяндалады.
Атты тастан, саз балшық, сүйектен жасалады. Артқы тұсына аттың құйрығы іспеттес бірнеше қылды топтастырып, ықшамдап бекітеді. Үстіне ат жабуға ұқсастырып мата жабылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>