Аттұяқ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аттұяқ- үлкен, жылқы тұяғымен барабар алтын немесе күміс құйма. Аттұяқ арнаулы қалыппен жасалады. Қазақта «ат тұяғындай алтын» деген теңеу бар. Аттұяқ жөнінде С.Мұқановтың еңбегінде төмендегідей мәліметтер келтіріледі: «сол сапарында ол қытайлардан және моңголдардан қойтұяқ», «тайтұяқ», «аттұяқ» аталатын алтын жентектеріне қоржынының бір басын толтырып қайтқан». Мұндай алтын, күміс құймасын қазақтар «атбас жамбы» деп те атаған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>