Асқат Расулұлы Жіткеев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы Үлгі:Медальдар

Асқат Расулұлы Жіткеев (13 сәуір 1981 жыл<ref>Askhat Zhitkeyev</ref>, Ақсу ауданы, Жансүгіров қаласы, Алматы облысы) – қазақстандық балуан, дзюдошы. Самбомен де, қазақша күреспен де айналысқан.

Өмірбаяны

Бейжің Олимпиадасының 100 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының дзюдодан ұлттық ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы (2010 жылдың Желтоқсан айынан бері).

2008 жылы Тамыздың 28-і Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Асқат Жіткеев атындағы зал ашылады. Бұл залда жас спортшыларға арналған шеберлік сыныптары өткізіледі.

Бірінші бапкері — Саяхат Құдайбергенов.

Жетістіктері

  • Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Пекин, 2008);
  • Сидней, 2000; Афины, 2004 Олимпиадаларына қатысқан
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Мюнхен, 2001);
  • Азия чемпионы (2003; Алматы, 2004);
  • Азия күміс жүлдегері (Ташкент, 2005);
  • Әлем суперкубогының күміс жүлдегері (2001, Германия);
  • Азия ойындарының қола жүлдегері (2002, 2006);
  • Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Марапаттары

Қазақша күрестен спорт шебері, дзюдодан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:БастамаҮлгі:Сыртқы сілтемелерҮлгі:Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстаушылар