Аралбай қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Аралбай қалашығы (ХVІІІ-ХІХ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 29,4 км жерде орналасқан.
Сипаты
Қалашықты өткен ғасырдың 40-50 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген, 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.
Қалашық шаршылау пішінді, өлшемдері 190х190 м, бекініс қабырғаларының қалыңдығы – 2-3 м, биіктігі – 1-1,5 м. Қалашықтың бекініс қабырғаларының бұрыштарында және қақпасының екі жағында диаметрлері 4-7 м болатын мұнаралардың қалдықтары сақталған және ормен қоршалып жатыр. Қоныстың ішкі құрылысы тегістеліп кеткен. Кіреберіс қақпалар бекініс қабырғасының солтүстік және оңтүстік жақтарында орналасқан.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>