Алға

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан АлғаҚазақстанның, Ақтөбе облысындағы қала, Алға ауданының орталығы, темір жол станциясы.

Географиялық орны

Ақтөбе қаласының оңтүстігіне қарай 45 км жерде, Елек өзенінің сол жағалауына орналасқан.

Тарихы

1930 жылы химия комбинатының құрылысы басталуына байланысты іргесі қаланды. 1961 жылы кенттен қалаға айналды.

Алға ауданы түгелімен Қазақстанның Еуропа жағында орналасқан.

Халқы

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 22446 адамды (10864 ер адам және 11582 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Өнеркәсібі, инфрақұрылымы

Алғада Қазақстандағы ірі химия кәсіпорындардың бірі, минералдық тыңайтқыштар өндіретін Ақтөбе химия комбинаты (АҚ) жұмыс істейді. Қалада нан, май зауыттары, Ақтөбе медициналық колледжінің бөлімшесі, емхана, аурухана, дәріхана, кәсіптік-техникалық колледжі, орта музыка және спорт мектептері, кинотеатр, кітапхана, баспахана, санитарлық-эпидемиялық станциясы, стадион және жүзу бассейні бар. Алға арқылы ОрынборТашкент темір жолы, Ақтөбе — Атырау автомобиль жолы өтеді. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Қазақстан қалалары Үлгі:Алға ауданы елді мекендері