Альберт Линдер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы Альберт Линдер (13 қаңтар 1996, Талдықорған17 қыркүйек 2021) — қазақстандық ауыр атлет, 2017 жылы Ашхабадта 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы және Тайбэйда өткен Жазғы Универсиада чемпионы.

Өмірбаяны

Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорғанда туған. Бауыры Семен Линдер екеуі ауыр атлетикаға қызыққан.

2003 жылы 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Сол жылы Баку халықаралық кубогында топ жарған.

2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола, келесі жылы алтын жеңіп алды. Сонымен қатар 2014 жылы қола жүлдегер атанды. 2014, 2015 және 2016 жылдары Азия чемпионатында жасөспірімдер арасында жеңіске жетті.

Линдер 2017 жылғы құрлық чемпионатында Азия чемпионы атанды. 2017 жылы 21 тамызда солтүстік кореялық Ким Мен Хектің 69 келіге дейінгі ауыр атлеттер жарысында жеңіске жетіп, 2017 жылғы Жазғы Универсиада чемпионы атанды. Спортшы 2018 жылы ауыр атлетикадан кетті.

2021 жылдың 17 қыркүйегіне қараған түні ол 25 жасында өз-өзіне қол салған<ref>"Жоғалып кетеміз" - Илья Ильин 25 жасында қайтыс болған Альберт Линдер туралы</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер