Алуа Берікбайқызы Темірболат

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Алуа Берікбайқызы Темірболат — филология ғылымының докторы (2009), доцент (2007), профессор (2012), Еуропа жаратылыстану академиясының академигі (2011), Украинадағы Әдебиет және өнер халықаралық академиясының академигі (2017).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1975 жылы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында туған.

Қазақ ұлттық университетін (1996) және аспирантурасын (2000) бітірген.
2000-02 жылдары Орталық Азия университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 2011 жылдан кафедра профессоры қызметін атқарды. 2011-2012 жылдары Қазақ ұлттық университетінде Қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры, 2012 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыттары – теориялық, философиялық, методологиялық көркем уақыт пен кеңістік, темпоральды ырғақ мәселелері және пәнаралық зерттеу. Қазақстан, Еуропа және Азияның қазіргі жазушыларының шығармашылығы, әдеби және мәдени байланыстары, тәжірибелік риторика, нейролингвистикалық программалау, қарым-қатынас психологиясының мәселелері, оқу процесіндегі пайдаланатын технологиялар мен әдістер.
"Қазақстанның XX ғасырдың соңғы ширегіндегі орыс тілді прозасындағы хронотоп пен ырғақ" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның, 6 оқу құралының авторы.

Марапаттары

  • Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2008);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
  • Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2006-2008);
  • "Еуропалық сапа" Еуропалық ғылыми-өндірістік консорциумының алтын медалі (2013);
  • Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2015-2016);
  • "Триумф" Н.В. Гоголь атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының иегері (2017);
  • Г. Сковорода атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының иегері (2018);
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Ерең енбегі үшін" медалі (2021);
  • М.О. Әуезов 125-жылдық мерейтойына арналған ТҮРКСОЙ медалі (2022).<ref>Темірболат Алуа Берікбайқызы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер