Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев
Үлгі:Музыкант Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев (1 ақпан 1948 жыл, Меркі ауданы, Жамбыл облысы) — кеңестік және қазақстандық композитор мен әнші, Қазақстан халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның Халық әртісі.
Өмірбаяны
Үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы Қоразбаевқа сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеп берді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Оның тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Қоразбаев қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты.
Ағасы Бескемпір Қоразбаевты Жамбылдағы мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады. Училищенің директоры Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Қоразбаев пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Қоразбаев, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді.
Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы — Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Алтынбек оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстан халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдары ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған.
1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «ата», «Сағындым атамды» әндерінің авторы.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Марапаттары
Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін Қоразбаевқа
- Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы
- «Қазақ КСРның Еңбек сіңірген артисі»
- 1993 жылы «Қазақстан халық әртісі»
- 1994 жылы «Қырғызстан Республикасының халық артисі» құрметті атақтары
- 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы
- 2010 жылы Парасат ордені
- 2016 жылы елбасының қолынан ІІІ дәрежелі Барыс ордені
- 2021 жылы 1 дәрежелі Барыс ордені берілді.
Дереккөздер
Сілтемелер
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- Қазақстан халық әртістері
- Қырғызстан халық әртістері
- КСРО сазгерлері
- Қазақстан сазгерлері
- КСРО музыка педагогтары
- Қазақстан музыка педагогтары
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Қазақстан академиялық музыканттары
- Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері