Алан (құдық)
Алан — ру атынан қойылған этногидроним, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Орталық Үстіртте орналасқан құдық.
Атаудың сөзжасамдық сипаты
«Аландар – біздің заманымыздың I ғасырлардан бастап біздің заманымыздың IV ғасырына дейінгі аралықта географиялық жағынан бүгінгі Қазақстанның батыс аймағын қамти батысқа қарай Днепр, Дон, Днестр, Дунай аймақтарына дейін (уақытына қарай) мекендеген – сармат – савроматтар делінетін тайпалық бірлестіктің құрамында болған тайпа.<ref>Үлгі:Кітап</ref> С.И.Аджигалиев: «Деректер Аландардың Арал-Каспий аймағында біразға дейін өмір сүргендігін көрсетеді. Оның іздері Үстірттегі Аланқала атауы мен түрікмендердің алан (олам) тайпасының атауында да жатыр», – дейді.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Алан этнонимін С.Атаниязов «Словарь туркменских этнонимов» атты монографиясында <ref>Үлгі:Кітап</ref> алан этнонимін көнеирандық арияна сөзінен шығарады. Алан – «арийлер елі».<ref>Үлгі:Кітап</ref>