Айбек Қалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Айбек Қалиев (19.4.1978 жылы туған, бұрынғы Торғай облысы Жангелді ауданында Тәуіш ауылында) - айтыскер ақын. Астанадағы Еуразия ұлттық университетін бітірген (1998). 1998 - 2001 жылдары Қазақ аграрлық университетінде оқытушы, 2001 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болып қызмет етеді. Бірнеше айтыстардың жүлдегері.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Қалиев Айбек Киікбайұлы 1978 жылы, 19 ақпанда Торғай облысы, Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қаратүбек орта мектебін, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін үздік бітірген.

Еңбек жолы

1998-2001жылдары Қазақ Аграрлық университетінің қазақ тілі кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы.

2001-2009 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметін атқарған.

2009 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің деканы.

2006- «Торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

2008- «Торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты монографиясы «Нұра-Астана» баспасынан жарық көрді. Республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында, ғылыми басылымдарда отызға жуық ғылыми мақалалары жарық көрген.

Орта мектептің 10 сыныбына арналған гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша «Қазақ әдебиеті» пәні оқулығының авторларының бірі. 2010 жыл, «Жазушы» баспасы. Орта мектептің 9 сыныбына арналған гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқулығы «Жазушы» баспасында өндірісте. Бірнеше дүркін Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері.

2025 жылғы 26 қазанында депутат болып сайланды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>


Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала