Айбек Мүталапханұлы Кәрімов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Айбек Мүталапханұлы Кәрімов (29 қыркүйек 1959, Ақсуат, Ақсуат ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері. ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясының басшысы.

Өмірбаяны

Руы найман. 1981 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын бітірген.

Еңбек жолы

Еңбек жолын институтты аяқтаған соң 1981 жылы Семей облысы Шар ауданы Громовка ауылындағы Киров атындағы кеңшарда зоотехник болып бастаған.

1982-1985 жылдарда Семей облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, содан кейін Семей облысы Шар аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшы болды. Одан кейін Семей облыстық әкімшіліктің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды.

1995-2002 жылдарда – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі болды.

2002 - 2004 жылдарда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі болып жұмыс атқарды.

2004-2006 жылдар аралығында – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2006 - 2008 жылдарда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі болды.

2008 жылғы қыркүйек айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының инвестициялық бағдарламалар үйлестірушісі болып қызмет атқарды.

2010 жылдың наурызынан 2011 жылдың қантарына дейін Шемонаиха ауданының әкімі.

2011 жылдан Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.

Дереккөздер

http://www.akimvko.gov.kz/kz/rule/akimat-vostochno-kazaxstanskoj-oblasti/akimatyi-gorodov-i-rajonov/semej/personyi/karimov-ajbek-mutalapxanovich.html