Абдуллаһ Гүл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Абдуллаһ Гүл (Үлгі:Lang-tr [abduɫˈɫah ˈɟyl]; 29 қазан 1950 жыл, Қайсері) — түрік мемлекеттік және саяси қайраткер, Түркия президенті (27 тамыз 200727 тамыз 2014).

2002-2003 жылдар аралығында Түркияның премьер-министрі, кейін премьер–министрдің көмекшісі, шетел істері министрі қызметін атқарған.

Өмірбаяны

1950 жылы Қайсеріде инженерлер отбасында дүниеге келген. Ыстанбұл университетінде экономика саласында білім алған, Лондон мен Эксетерде тәжірибе жинақтаған. 1938-1991 жылдар аралығында Ислам банкінде жұмыс істеген. 1991-1995 жылдар аралығында қаржы және жоспарлау саласында комитет мүшесі болған. 1996-1997 жылдары министр, үкіметтің баспасөз-хатшысы қызметін атқарған. «Fazilet Partisi» деп аталатын партия атынан парламентке сайланған. 2002-2003 жылдары премьер-министр болып қызмет атқарған.

Президенттікке жол

2007 жылы мамыр айында Абдуллаһ Гүл президенттікке сайланады. Алайда Яшар Бүйіканыттың бастамасымен халық Гүлге қарсы шығады, көпшіліктің қалауымен Абдуллаһ Гүл кандидат орнын босатады. Қайта өткен сайлау барысында Гүл президент болып сайланып, сол күннен бастап өз қызметін бастайды.

Жеке өмірі

1980 жылы на Хайрүнниса Өзйұртпен отбасын құрған. 3 баласы бар: Ахмед Мүнір, Мехмед Емре және қызы Күбра. «Бешикташ» футбол клубының жанкүйері.

Марапаттары:

  • • Банидің Үлкен Крест ордені (Ұлыбритания, 14 мамыр 2008).
  • • Абдель Азиз Королінің ордені (Сауд Аравиясы, 2007).
  • • Үлкен шынжыр (GColIH) (Португалия, мамыр 2009).
  • • «Астанаға 10 жыл» медалі (Қазақстан, 2008).

Дереккөздер

<references/>