Абай аулына саяхат

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Абай аулына саяхат» - «Мектеп» (қазіргі «Рауан») баспасынан 1976 ж. жарық көрген очерктер жинағы. Авторы - К. Оразалин. Кітап «Алатау аясында», «Тоғыз жолдың торабы», «Шежірелі Шыңғыс» деген тараулардан тұрады. Онда Абай аулының өткені мен бүгінгісі, тіршілік-тынысы, әсем табиғаты көркем суреттеледі. Абай мен Мұхтар есімдеріне байланысты жерлер тарихы баяндалады, екі алыптың туындыларында суреттелетін кейіпкерлер жайында нақты деректер келтіріледі. Жинақ орта мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, көпшілік оқырмандарға арналған. Көлемі 5,2 б. т., 25 мың дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub