Гауһар Ғалымжанқызы Тұрмаханова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Спортшы Гауһар Ғалымжанқызы Тұрмаханова — 1992 жылы шілденің 28-де, Отырар ауданы, Көксарай ауылы, Жанкелді елді мекенінде дүниеге келген.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Мектеп жасынан дзюдо және самбо күресімен айналыса бастаған. Денсаулығына байланысты 2016 жылы спорттық өмірін тәмәмдады.

Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Спорттағы орны

Тарихта Қазақстан бойынша 3-ші әлем чемпионы атанған қыз.

2012 жылы Шымкет қаласында өткен «Үздік» жастар премиясының номинант тізімінде «Үздік жас спортшы» деген атауды иеленген.

Отбасы

Отбасында: әкесі, анасы, екі інісі және екі сіңлісі бар.

Білімі

Көксарай ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 9 жыл білім алып, 2008 жылы Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ университетінде заңгер мамандығына оқуға түседі.

Жетістіктері

  • 2012 жылы — Корея елінде өткен самбо күресінен Азия біріншілігінде алтын медаль иегері.
  • 2013 жылы — Болгария елінің София қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде алтын медаль иегері.
  • 2014 жылы — Жапония елінің Нарита қаласында өткен ересектер арасында самбо күресінен әлем чемпионы атанған.
  • 2014 жылы — самбо күресінен әлемді бағындырған қыз атанды.
  • 2015 жылы — Африка құрлығындағы Марокко қаласында өткен кезекті әлем біріншілігінде 2 орын иегері.

Жұмыс орны

2017 жылы Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ дене шынықтыру пәніне мұғалім болып жұмысқа тұрды.

2021 жылы Түркістан қаласындағы ХББ НЗМ дене шынықтыру пәніне мұғалім болып жұмысқа тұрды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер