Райбек Ромашұлы Меңдіғалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Райбек Ромашұлы Меңдіғалиев (1968 жыл 24 қыркүйек, Жәнібек ауданы) - спортшы, самбодан әлем біріншілігінің қола жүлдегері (1993), халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1994).

Спорттағы мансабы

1985 жылы облыс чемпионы, республика біріншілігінің жүлдегері атанды. 1993-94 жылдары Харлампиев атындағы халықаралық турнирде 2 мәрте 3-орын, Голландияда олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 1993 жылы өткен 4-ші дүниежүзілік ойындарда 3-орын алды. Сол жылы Кстово (Ресей) қаласында өткен әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанды. Қазіргі таңда жаттықтырушы. <ref> Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References