Ералы жазығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ералы жазығыСемей облысы, Абай ауданы М. Әуезов атындағы шаруашылық жеріндегі қоныс. Ені 10-20, ұзындығы 30-40 шақырым. Кеңгірбай бидің баласы, Бөжейдің әкесі Ералы дүние саларыңда ағайын-туғандарын жинап алып, арыз-хош айтысып жатып: Ащысу ені бойындағы төбені нұсқап, «Ертең мұнда Ералым жатыр демейсіңдер ме, ана төбеге жерлеңдер», - деп өсиет қалдырған. Бұрынғы Семей-Шыңғыстау тас жолының бойыңдағы, қазіргі Семей-Қарауыл тас жолынан 4-5 шақырым жердегі төбе басындағы бейіт Ералыныкі болғандықтан, жайлау Ералы деп аталып кеткен. Мұнда Еңлік пен Кебек жерленген. Ұрпақтары басына ескерткіш-белгі қойған. Ащысу өзенін қақ жарып ағатын Ералы қорығы бойында Абай көп тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, інжу жырларын осы Ералы жазығында қағаз бетіне түсірген. 1917 ж. маусымда М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы киіз үй сахнасында қойылған Ойқұдық қонысы да осында.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub