Алланың ғылымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алланың ғылымы. Абай Ағартушы ғылымына теолог, ғылымдарды жатқызады. Бұл пікір Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қамтылған.


Қырық бесінші сөзінде: «...неше мың жылдан бері әркім әр түрлі қып сөйлессе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа Һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаділет, махаббат құдайға лайықты»,- деп ой толғаса, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...»өлеңінде: «Көп кітап келді алладан, оның төрті, Алланы танытуға сөзі айырылмас...» деп, христиан, буддизм, мұсылман діндері ұстанған қасиетті кітаптар Інжіл, Зораб, Таурат, Құранның өзі де бір құдайды таниды, Алланы танытуда бәрі де бір жерден шығып отырады, яғни Абай алладан келген көп кітаптың, әсіресе, жоғарыда аталған төрт кітаптың негізінде дамып, тамыр жайған теолог. ғылымдар тобын А. ғ. алланы танып білудің ғылымы деп ой түйеді. «Замана, шаруа мінез күнде өзгерді, Оларға кез кезімен нәби келді. Қағида, шариғаты өзгерсе де, Тағриф алла еш жерде өзгермеді», - деп, құдайды танып білу жолындағы алланың ғылымының қай кез, қай заманда болса да негізгі бір танымда жатқанын қадай айтады.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub