Айпара

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Айпара (тулыған-өлген жылы белгісіз) - Абайдың төртінші атасы Айдостың әйелі. Ол өткір мінезді, сыншыл, ақынжанды адам болған. Өзінің төрт ұлын сынап: «Шынжыр балақ, шұбар тес Ырғызбайым, Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым, Сірә да оңбас Торғайым»,-деп, ұлдарының әрқайсысына мінездеме берген. Айпара туралы деректер Абай өлеңдерінің жинақтары мен М. Әуезовтың зерттеу еңбектерінде кездеседі. Жазушы О. Бөкеев «Мұзтау» деген повестер жинағына («Жазушы», 1973) енген «Айпарама» деген шығармасында Айпара бейнесін жасады.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub