Абайдың әдеби-мемориалдық музейі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Абайдың әдеби-мемориалдық музейі» - «Жазушы» баспасынан 1971 ж. жарық көрген түрлі-түсті суретті кітапша. Ол «Ақынның өскен ортасы, балалық шағы», «Абайдың ақындық жолы, қоғамдық қызметі», «Абай қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы», «Абайдың семья-туыстары, ақын шәкірттері», «Советтік искусстводағы Абай образы» деген тараулардан тұрады. Түрлі-түсті суреттермен көркем безендірілген кітапшада Семей қаласындағы ақын музейінің тарихы, оның залдарында орналасқан экспонаттар сөз болады. Экспонаттар негізінде Абайдың өмір жолына, қоғамдық-ағартушылық қызметіне, шығармашылық еңбегіне шолу жасалады. Кітапша туристерге, ақын өміріне тәнті оқырмандарға арналған. Көлемі 2,6 б. т., 20 мың дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub