Қара жер адамзатқа болған мекен

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Абайдың 1891 ж. жазған жұмбақ өлеңі. 1 шумақтан тұрады, Көлемі 4 жол. Ақын жұмбағында жұртына аз да болса білім дарытып, халқын тіршілік үшін күреске үндейді, өмірді танытуға ықпал жасайды. Зерделілікке, зеректікке шақырады. «Адамзатқа мекен болған қара жерде жүз мың түрлі асыл бар» болса соның «ең артығы-темір» (алтын) дейді ақын. Шығарма 11 буынды қара өлең ұйқасымен (-а, -а, - б, -а)жазылған. Ел аузынан жазылып алынып, алғаш рет ақынның 1933 ж.Қызылордада жарық көрген толық жинағында басылды. Туынды басылымдарында текстологиялық ешқандай өзгерістер кездеспейді. Жұмбақ өлең қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub