КСРО халықтарының философиялық және қоғамдық-саяси ойы тарихының очеркі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:58, 2014 ж. сәуірдің 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«КСРО халықтарының философиялық және қоғамдық-саяси ойы тарихының очеркі», «Очерки по истории философской и обідественно-политической мысли народов С С С Р» - 2 томдық академиялық еңбек. 1955-56 ж. орыс тілінде жарық көрген. Жалпы редакциясын басқарған - Г. С. Васецкий т. б . Кітаптың 2-томындағы «19 ғ-дағы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының қоғамдық-саяси және философиялық ойы» атты 31-тарауында 19 ғасырдағы қазақтың аса көрнекті ағартушы-демократтары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың қоғамдық-саяси, философиялық көзқарастары қаралған. Авторлар - Н. Жанділдин мен Е. И. Шехтерман ақын өлеңдері мен ғақлияларын талдай келіп, таным тұрғысынан алғанда Абай көзқарастарының негізі материалистік болғанын дәлелдейді. Ақынның философиялық көзқарасындағы қайшылықтар дінге деген екі ұдай көзқарасынан туғандығына тоқталады. Мақала Абайдың шығармашылығы мен дүниетанымындағы қайшылықтарға, бір ізділіктің жоқтығына қарамастан, қазақ халқының алдыңғы қатарлы мәдениеті мен қоғамдық ойын дамытуда үлкен қызмет атқарғанын көрсете білген. Кітап көлемі 56 баспа табақ, 20 мың дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub