Ажының жақсы-ақ қызы едім...

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Ажының жақсы-ақ қызы едім...» - Абайдың 1892 жылы ауызша шығарған өлеңі. 8 тармақты 1 шумақ. Ақын көбіне әңгіме, ертек айтып, ауық-ауық ел аралап, үйін «ұмытып» кететін досы Баймағамбетке «өкпелі» әйелінің атынан әзіл айтады. Әзіл-қалжыңдары жарасқан жақсы замандастардың зілсіз сөзі. Осы жұп-жұмсақ күлкісінің өзімен-ақ шаруаға қырсыз құрдасының оғаш мінезін «пышақсыз бауыздайды». Өлең 7 буынды шұбыртпалы ұйқаспен жазылған. Алғаш рет ақынның 1933 жылғы жинағында жарияланды. Ешқандай текстологиялық өзгеріске ұшырамаған. Өлең орыс тіліне аударылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub