Зевксис

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Зевксис - ежелгі грек суретшісі. Оның бізге «Елеңа», «Кентаврлар үйелмені», «Жыланды қылқындырып тұрған бүлдіршін Геракл»деген шығармалары ғана белгілі. Абай ғақлияларының Жиырма жетінші сөзінде Аристодимнің аузына: « - Гомерге бәйітшіліктігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни біреудің сипатына тұспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын» , - деген сөз салу арқылы өзінің көне грек өнерімен жақсы таныс екенін аңғартады.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub