Әбен Сұлтанбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
01:18, 2026 ж. мамырдың 1 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Әбен Сұлтанбеков ( 1923 жыл8 тамыз 2011 жыл) — Ұлы Отан соғысының ардагері, Байзақ ауданының "Құрметті азаматы".

Өмірбаяны

1922 жылы а қазіргі Диқан ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының батыры Ағаділ Суханбаев екеуі 7-сыныптан бастап бірге оқып, 10-сыныпты Буденновка (Түймекент) орта мектебінде бірге бітірген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында

1941 жылы қаңтар айында Алматыдағы жасақталған 319 жаяу әскер атқыштар полкінде дайындықтан өтеді. Алғаш Украинаның Харьков қаласын жаудан азат ету кезінде жараланып, 2 ай Саратов қаласындағы госпитальде емделген. Екінші рет Воронеж қаласын жаудан босату үшін шайқаста жараланып, Севастополь қаласындағы госпитальде емделеді. 1944 жылдың аяғында Сталинград шайқасында ауыр жараланып, 4 қабырғасынан айырылып 1944 жылдың басында 2-топтағы мүгедек болып елге оралады.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Еңбек жолы

Елге оралғаннан кейін "Диқан-1" колхозында еңбек ұйымдастырушысы, 1948-1952 жылдары "Ленин" колхозында бастауыш партия ұйымының хатшысы болған. 1953-1954 жылдары Шымкент қаласындағы мұғалімдер институтының тарих факультетін бітірді. 1955 жылдан 1958 жылға дейін Ленин орта мектебінде директордың орынбасары, 1958 жылдың тамыз айынан 1965 жылға дейін Амангелді орта мектебінің директоры болған. 1965-1983 жылдары аралығында Ленин орта мектебінің директоры қызметін атқарған.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Марапаттары

I, II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, Сталинградты қорғағаны үшін медалі, Байзақ ауданының "Құрметті азаматы" атағын алған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер