Берген Исаханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Жайылмадағы монумент.jpeg
Жайылмадағы монумент

Берген Исаханов (10.12. 1922, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы (құжат бойынша Ордабасы ауданы) – 14.10. 1970, Ордабасы ауданы) – соғыс және еңбек ардагері. Кеңес Одағының Батыры (30.10.1943).

1942 жылы майданға аттанып, Қызыл тулы 69-Севск атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Бөлімше командирі, сержант И. Днепрден өту кезіндегі ұрыста асқан ерлік, батырлық көрсетті. 1944 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірді. Соғыстан кейін Ордабасы ауданында жауапты қызметтер атқарған. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Балалық шағы өткен Ордабасы ауданындағы қазіргі Берген Исаханов ауылында ескерткіш орнатылған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref> Туған жері Сарысу ауданы Жайылма ауылында Ұлы Отан соғысы құрбандарына қойылған монументтің қасбетінде Берген Исахановтың есімі қашалып жазылған.

Дереккөздер

<references />