Әмеди Хәсенов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Үлгі:Ғалым Әмеди Хасенов (1927-1990) - тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1955), профессор (1988).

Өмірбаяны

  • ҚазПИ-ды бітірген (1949).
  • 1952-1957 жылдары Алматы шетел тілдері педагогикалық институтында (казіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, жоғары партия мектебінің оқытушысы, Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылым қызметкері.
  • 1957 жылдан өмірінің аяғына дейін шетел тілдері педогогикалық институтында аға оқытушы, доцент, қазақ және орыс тілдері, қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, профессоры болды.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми-зертеу еңбектері қазақ тілінің грамматикалық құрылысы жалпы тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелеріне арналған. Негізгі еңбектері:

  • «Қазақ тіліндегі сан есімдер» (1957)
  • «Жай сөйлемдер және синтаксисті оқытудың кейбір мәселелері» (1957)
  • «Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері (1957)
  • «Пунктуацияны оқыту жолдары» (1957)
  • «Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері» (1985)
  • «Тіл біліміне кіріспе» (1989)
  • «Тіл білімі» (1996) т. б.
  • Оның 8-сыныпқа арналып 1962 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқулығы осы уақытқа дейін оқытылып келеді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала