Бірлік (Жаңақорған ауданы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Бірлік — Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы ауыл, Ақүйік ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде орналасқан. Сұр жусан, баялыш, күйреуік, т.б. өсімдіктер өсетін шөлді белдемде жатыр. Ауылдық округке Қызылмақташы, Қосүйеңкі және Аққұм ауылдары қарайды. Бірлік ауылы тұсынан Қызылорда — Шымкент автомобиль жолы өтеді.
Тарихы
Іргесі 1929 жылы қаланған. 1930 жылы наурызда "Бірлік" калхозы құрылды. Алғашқыда бұл колхоз Тақыркөлде құрылуы тиіс болатын, бірақ Қызылауыз Оспан деген кісі колхозды Көлтоған бойына орнатуға ықпал етті. Оспан 1937 жылы С.Қожановпен таныс болғаны үшін ұсталып, инжекенге айдалды. 1933 жылы бастауыш мектеп ашылып, 1934 жылы халықтың асарымен мектеп үйі салынды. Қызыл Отау үйі клуб салынды. 1957 жылы калхоз "Бірлік" совхозына айналды. Бұрынғы «Бірлік» қой шаруашылығы кеңшары негізінде мал шаруашылығына маманданған 10 шаруа қожалығы құрылған.
Халқы
Тұрғыны 2422<ref name="stat"/> адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434035100<ref>Үлгі:Cite web</ref>.