Шетпе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:40, 2026 ж. қаңтардың 31 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ШетпеМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, аудан және Шетпе ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны

Облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік шығысқа қарай 96 км жерде, Маңғыстау түбегіндегі Батыс Қаратау мен Шығыс Қаратау жоталары арасында орналасқан.

Атаудың сөзжасамдық сипаты

Шетпе атауы парсының чәшмә//чешме – «қайнар көз, бұлақ» деген сөзінен пайда болған.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Жергілікті баспасөз беттерінде «Чешме» сөзі түрікмендікі немесе көнетүркі сөзі делінеді: «Шетпені ең соңғы мекендеген түрікмендер еді. Әсіресе түрікменнің сегіз арыс Сейілхан дейтін руының тарамдары мекендеген. Ол кезде түрікмендер Шетпені «Чешме» деп атайды екен. Бұл түрікменнің «бұлақ көзі» деген сөзі деген мәліметтер кездеседі. Шынымен де Шетпе маңы сыңсыған бұлақ. Шетпе деп бұлақ та аталады. Шетпе атауы жөнінде түрлі этимологиялар қалыптасқан. Мәселен, Е.Қойшыбаев «Из шет и аффикс –пе «густая» (о рябине)<ref>Үлгі:Кітап</ref>, А.Костенко мен Е.Өмірбаев «Ожувут степи» кітабында Шетпе атауы түрікменнің осы аттас тайпасының аты дейді: «... с XIII века здесь поселились уцелевшие после монгольского нашествия туркмены рода шетпе.<ref>Үлгі:Кітап</ref> С.Қондыбай «Шетпе сөзіне дыбыстық өзгеру жағынан ең жақын келетін сөз – «жетімек» атауы. Яғни «жетімек» - «джетмек» - «четпек» – «шетпе (к)» өзгеруі сөздің заңдылығына толық сәйкес келеді» деп көрсетеді. Дегенмен шежірелік немесе тарихи кітаптардан шетпе аталатын этноним кездеспегенін ескерсек, Шетпе топонимі парсының чешме – «қайнар көз, бұлақ» деген сөзінен пайда болды деп нақты айта аламыз.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Халқы

1970 1979 1989 1999 2009 2021<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
4974 Үлгі:Өсім8162 Үлгі:Өсім10581 Үлгі:Құлдырау10237 Үлгі:Өсім12223 Үлгі:Өсім16762

Тарихы

Іргесі 1929-30 жылдары "Ұшқын" серіктестігінің орталығы есебінен қаланған. 1933 жылы оның негізінде құрылған Жаңажол ұжымшарының, 1965 жылы Маңғыстау ауданының орталығына айналды. Шетпе аудан орталығы мәртебесін 1966 жылы түбекті елдің қалған бөлігімен байланыстыратын теміржол құрылысына байланысты алды, Шетпе стансасы облыс орталығынан гөрі басқа аймақтарға жақын. Станса мен оның айналасындағы құрылыстар, аудан орталығы жалпы халық арасында "Жаңа Шетпе" деп аталады. Аудан орталығы бұрынғы кепкен Жапырақты көлінің орнында тұрғызылған, одан ол кезде тек батпақ қана қалған. Қазір батпақ құрғап қалды.<ref>ШЕТПЕ: ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНАЯ СТАНЦИЯ vs. ТРАДИЦИОННАЯ САКРАЛЬНОСТЬ http://otuken.kz/shetpe/</ref>

1967 жылы ауыл, 2000 жылы қайтадан кент болған. Шетпе арқылы Маңғыстау - Ақтөбе темір жолы және Ақтау - Ақтөбе автомобиль жолы өтеді.

Шаруашылығы

Шетпеде құрылыс материалдары зауыты, ұлутас пен қиыршықтс кеніштері ("Мырзабек Алтын Тас групп" АҚ, "Роландтехник” компаниясының уату-сұрыптау зауыты, "Қызылтұран" ЖШС), су барлау экспедедициясы, жылжымаалы механикалық колонна, тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер, шаруа қожалықтары, 130 шағын орта кәсіпкерлер, 28 мемлекеттік, 4 қазыналық, 4 өндірістік-көліктік мекемелер, темір жол және автомобиль бекеттері, байланыс бөлімшесі бар. <ref>Маңғыстау энциклопедиясы. Бас редактор Б.Ғ.Аяған. — Алматы: “Қазақ энциклопедиясы”, 2008. 609-бет. ISBN 9965-893-13-6</ref>

"КаспийЦемент" - бұл жаңа цемент зауыты. Алғашқы жұмыс 2013 жылдың қараша айында іске қосылды. Ал 2014 жылдың жазында зауытта цемент өндірісі ресми түрде басталды.<ref>Путешествуя по Мангистау: село Шетпе https://tumba.kz/vse-o-mangistau/57-vse-o-mangistau/19901-puteshest_po_mang_sel.html</ref>

Мәдени-әлеуметтік мекемелер

Діни ұйымдар қызметі

  • Шетпе мешіті — Маңғыстау ауданының орталығында 1997 жылы бой көтерген. Ауласы қоршалған. Түнгі мезгілде жарық беретін шамдар орнатылған. Іргетасы биік, қабырғалары мен күмбездері, мешітке бастар жолдар теңіз тасынан қаланған. Кіреберіс маңдайшасына «Алла» және «Мұхаммед» деп араб әріптерімен жазылып, ою-өрнектермен көріктендірілген. Төрт бұрышында кіші күмбездері бар, ол ортадағы үлкен күмбезге айшық қондырылған. Аспалы шам ілінген.

Ғимараттың ішкі қабырғалары түгелдей оюлармен өрнектелген. 700 адам сиятын ерлерге арналған намаз бөлмесі, 200 адамға арналған әйелдер бөлмесі, имам бөлмесі бар. Діни сауат ашу курсы үшін де бөлме қарастырылған. Едендеріне кілем төселген. Мешіттің артқы жағында газбен жылытатын қазандық қойылған бөлме бар.<ref>«Шетпе» мешіті https://www.muftyat.kz/ru/mosque/2927/</ref>

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері