Кәрібай Тұңғатарұлы
Үлгі:Музыкант Кәрібай Тұңғатарұлы, Кәрібай ақын<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (1861, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарғыба өзен сағасы – 1931, сонда, Ақсуат кенті) – халық ақыны, әнші, композитор, айтыскер, ділмар би. Жас күнінен өлеңдер шығарып, “бала ақын” атанған. 1910 жылы Алакөл маңындағы Көктұма деген жерде Әсет ақынмен айтысып, атағы елге жайылады. Кәрібайдың көптеген өлең-жырлары ел қорғау тарихынан сыр шертіп, халық батырларын дәріптейді.
Найман тайпасының Қаракерей руының Мұрын руынан шыққан, Назар батырдың жетінші ұрпағы.
Шежіре
Найман – Өкіреш – Белгібай – Сүйінші – Төлегетай баба – Қытай би – Қаракерей – Байторы – Мейрам – Байыс – Сары(Мұрын) – Жолымбет – Назар батыр – Жанболат – Сары – Көкі – Дәулетбай – Сасан – Тұңғатар – Кәрібай ақын (1872-1931)
Өмірбаяны
1931 жылы аштық кезінде Қытай жеріне көшіп бара жатқанда ГПУ қызметкерлерінің қолынан қаза табады. Кәрібайдың Әсетпен айтысы “Айтыс” жинағында (1964, 1-т.) және Әсет Найманбаевтың “Шығармалар” жинағында (1988 жыл), 1931 жылы ашаршылыққа ұшыраған халық күйзелісін жырлаған өлеңі Ә.Сәдуақасұлының “Тарихыңды танып біл” кітабында (1996) жарияланды.