Абайдың нақыл сөздері (жинақ)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:03, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Абайдың нақыл сөздері» (афоризмдері) - ҚазССР саяси және ғылыми білімдер тарату қоғамы 1958 ж. шығарған зерттеу еңбек. Авторы - Қ. Өмірәлиев.

Еңбек «Абайдың нақыл сөздерінің қалыптасу жолдары» және «Абайдың нақыл сөздері» деген тақырыптардан тұрады. Онда автор Абай шығармаларында кездесетін тұжырымды ой мен ұтымды ұйқасқа құрылған нақыл сөздерді сала-салаға жіктеп, талдау жасайды, олардың қоғамдық сипатын танытып, әлеуметтік астарын ашады. Қазақ жазба әдебиетінде нақыл сөздердің негізі Абайдың дидактикалық шығармалары арқылы орныққанын нақты деректермен айғақтайды. Ақынның қысқа қайырымды, мағынасы бай, тәрбиелік мәні орасан зор көркемдік дәрежесі жоғары, айшықты, қанатты сөздерін тарихи қажеттіліктер негізінде туған, уақыт жүгін арқалайтын күнделікті өмірде сүйіспеншілікпен қолданылатын, үлгі-өнеге тұтатын еңбек деп бағалайды. Кітапша әдебиетшілер мен ғылыми қызметкерлерге, көпшілік оқырмандарға арналған. Көлемі 2,5 б. т., 8 мың 500 дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала