Ерлан Ахметов
сілтеме тақырыбының атыЕрлан Ахметсәлімұлы Ахметов (20.05.1975. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) - тележурналист, заңгер. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- ді бітірген. 1996-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар" газетінде Зайсан ауданы бойынша арнаулы тілші, Шығыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясында журналист, Өскемен қаласындағы "Қалкен-ТВ" телеарнасында журналист.
2000-2003 жылдары Павлодар қаласында кәсіпкерлік саласында әртүрлі қызметтер атқарған.
2003—2016 жылдары Ертіс-Баян өңіріндегі "Кереку", "Ой" апталық газеттерінің редакторы, республикалық "Руханият" газетінің редакторы, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы, "Ислам және өркениет" газетінің меншікті тілшісі.
2008—2016 жылдары "Жұлдыз" журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, "Қаламгер-Медиа" орталығының Павлодар облысындағы арнаулы өкілі.
2016-2018 жылдары Ақмола облысы Ақкөл аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины" газеттерінің редакторы.
2018 жылдан жеке шығармашылықпен айналысуда.
1985 жылдан бастап қаламгердің мақалалары мен әңгімелері, өлеңдері Зайсан аудандық "Достық", Шығыс Қазақстан облыстық "Коммунизм туы" ("Дидар"), республикалық "Қазақстан пионері" ("Ұлан") газеті, "Ақжелкен" журналы, т.б. басылымдарда жарияланған.
"Ажарлы ауыл, ардақты қауым" атты қазақ-орыс тіліндегі деректі туындының (2006), "Қамырау жері, Сәмек елі, аман бол!" (2007), "Павлодар өнірінің қажылары" (2008), "Жасампаздық жолында. На пути созидания" (2012), "Білім көкжиегі. Горизонт знания" (2012), "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы. 20 жыл" (2012), "Жасампаздық жолында: жаңғыру. На пути созидания: возрождение" (2014) атты кітаптардың авторы.
"Оғыландарым" (2008), "Жарық дүние" (2009), "Тәуелсіздікке тағзым" (2016) жыр жинақтарының авторы.
Өлеңдері "Шабыт. Қос қанат" (2004), "Жастық әуен", "Айтыс" (2005), "Баянауыл басынан" (2006) сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген.
Бірнеше дүркін облыстық, республикалық деңгейдегі мүшәйралардың жүлдегері. Өлең сөздеріне 20-дан астам ән шығарылған.
Дереккөздер
<references/>