Ерлан Ахметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

сілтеме тақырыбының атыЕрлан Ахметсәлімұлы Ахметов (20.05.1975. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) - тележурналист, заңгер. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- ді бітірген.

Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар" газетінде арнаулы тілші, Шығыс Қазақстан облысы телерадиокомпаниясында теле-радио журналисі, Ертіс-Баян өңіріндегі "Кереку" апталық газетінің құрылтайшысы, редакторы, республикалық "Руханият" газетінің редакторы, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы, республикалық "Ислам және өркениет" газетінің меншікті тілшісі. 2008 жылы "Жұлдыз" журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, "Қаламгер-Медиа" орталығының Павлодар облысындағы арнаулы өкілі. Сондай-ақ, Железин ауданының "Туған өлке " газетінің тілшісі, аға тілшісі, жауапты хатшысы, Ақмола облысы Ақкөл ауданының "Ақкөл жаршысы" және "Знамя Родины" газеттерінің редакторы қызметтерін атқарған.

1985 жылы қаламгердің мақалалары мен әңгімелері, өлеңдері Зацсан аудандық, Шығыс Қазақстан облыстық басылымдарында жарияланған. "Ажарлы ауыл, ардақты қауым" атты қазақ-орыс тіліндегі деректі туындының (2006), "Қамырау жері, Сәмек елі, аман бол!" (2007), "Павлодар өнірінің қажылары" (2008), "Жасампаздық жолында. На пути созидания" (2012), "Білім көкжиегі. Горизонт знания" (2012), "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы. 20 жыл" (2012), "Жасампаздық жолында: жаңғыру. На пути созидания: возрождение" (2014) атты кітаптардың авторы. "Шабыт. Қос қанат" (2004), "Жастық әуен", "Айтыс" (2005), "Баянауыл басынан" (2006) сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. "Оғыландарым" (2008), "Жарық дүние" (2009) жыр жинақтарының авторы. Бірнеше дүркін республикалық мүшәйралардың жүлдегері.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала