Тастөбе (Мойынқұм ауданы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:56, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Тастөбе – көне қала орны. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Ынталы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км қашықтықта орналасқан. 1986 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық экспедициясы (жетекшісі М.Елеуов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазба жұмыстары кезінде қыштан жасалған құмыралар, табақтар табылды. Ол ыдыстардың жасалу мерзіміне орай Тастөбе қаласы 10 – 12 ғасырда өмір сүрген деген болжам жасалды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>