Сарғау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:37, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сарғау – көне қала орны. Шу ауданы Оразалы батыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 километр қашықтықта орналасқан. 1986 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық отряды (жетекшісі М.Елеуов) ашып, алғаш зерттеу жұмысын жүргізген. Қазіргі орны төрткүл түріндегі бұрыштары әлемнің төрт бұрышына қараған көлемі 35х45 метр тікбұрышты келген төбешік. Оның айналасында ені 6 – 7 метр, биіктігі 1 метр шамасында мұнара қалдықтары бар үйінді жал орналасқан. Жинастырылған материалдар: сырланбаған құм, құмыра, көзе, тостаған, т.б. Зерттеу жұмыстары кезінде табылған заттар қалашық 10 – 12 ғасырда көркейгендігін айғақтайды. Оны мекендеген халық егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify