Қара шымшық
Қара шымшық — шымшық туысына жататын кішкене құс. Салмағы 85100 г. Қоразының барлық қауырсыны, аяғы қара, мекиені мен балапандары кара қоңыр болып келеді. Тянь-Шань, Жетісу Алатауында, Арыс өзені алқабында, Талас, Қырғыз және Іле Алатауында көп тарал-ған. Көбіне тау бөктерін, орман, бау, парктерді мекендейді, ұясын томар, ағаш қуысына, қалың бұта арасына, ал елді қоныстарда биік ағаш басына салады. 3-7 жұмыртқа басып, 12-15 күнде балапан шығарады. ұя салуға, балапан басуға, алғашқы кезде балапанды қоректендіруге мекиені де, қоразы да қатысады. Қара шымшық орман зиянкестерін құртып, пайда келтіреді. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>