Жусандала

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
02:32, 2016 ж. сәуірдің 3 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жусандала – көне қамал орны. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1946 жылы ғалым Н.И. Суворов қамал орнынан археология заттар жинады. Ошақ орындары мен көмбелерден алынған бұйымдардың ішінде арпа, тары секілді дәнді дақылдардың барлығы анықталды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref>

Жусандала - Шу-Iле таулары мен Тауқұм алабы аралығындағы жазық. Балқаш ауданының және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданыдары аумағында. Дала Шу-Iле тауларының солтүстікшығысын бойлай 130 км-ге созынған. Абсолют биіктігі 400-500 м. Жер бедеріне жазда кеуіп калатын арналар және сай-жыралармен тілімделген тауалдының делювийлі-пролювийлі жазығы төн. Ол антропоген кезеңінің малтатасты-қиыршықтасты және саз-құмдақ шөгінділерінен түзілген. Климаты континенте Қаңтардың орташа темпрасы -7°С, шілдеде 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа молш. 250 мм. Жусандаланы жазда кеуіп қалатын Ақсүйек, Күйеліқара, Ботабұрым, Жалпақши, Тесік, Жыңғылды және Қопалы егістік кесіп өтіп, Тауқұмға сіңіп кетеді. Сай-жыраларда бұлақтар кездеседі. Топырағы сұр, сұр қоңыр, сортаң және шалғындықұмдақ. Онда сұр жусан басым қылқан боз, күйреуік, баялыш, коңырбас, өлеңшөп, арпабас өседі. Аракідік сексеуіл шоғырлары кездеседі. Жусандалада бірнеше елді мекендер (Айдарлы, Көлшеңтел, Тоғыз, Ақсүйек) орналасқан. Жусандала арқылы Алматы-Астана автомобиль магистралі өтеді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Сілтеме

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub