Дәуқара Қарақожаұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дәуқара Қарақожаұлы (шамамен 17 ғасырдың соңы - 18 ғасырдың ортасы) - батыр, би. Есімі байұлы тайпасы құрамындағы байбақты руының ұранына айналған. Дәуқара Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысқан. Ел арасындағы бір аңыздарда дене бітіміне қарай Дәуқара аталыпты делінсе, енді бірінде қарақалпақтар қоныстанған Шымбай - Дәуқара маңында көшіп-қонып жүргенде Дәуқара есімі қойылған дейді. Дәуқара батыр есімі батыс өңірінің ақын, жыраулары шығармаларында жиі айтылады.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify