Сабытай батыр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сабытай батыр (туған-өлген жылы белгісіз) – батыр. Кіші жүз Адай руынан шыққан. Кіші жүз қазақтарының “Сауран айналған” оқиғасы тұсында Ер Жәнібектің жоңғарларға қарсы қимылын белсене қолдады. Бұдан кейінгі кезеңде Бұланты-Білеуті, Сарысу, Шорға, Қандысу, Аңырақай, Шар, Баянауыл, т.б. соғыстарға қатысып, Әбілқайыр ханның сыртқы саясатын қолдады. Бірақ, 1740 – 50 жылдары Кіші жүз хандығының іргесіне Орынбор бекінісі салына бастағанда оған алаңдаушылықпен қарады. Қазақ жерлерінің тұтастығы жолында түрікмен жасақтарымен болған бірнеше шайқастарда қазақ қолына басшылық жасаған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub