Балапан журналы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Otheruses «Балапан» журналы - Омбыдағы «Бірлік» жастар ұйымының 1916-1918 жылдары жариялап тұрған қолжазба әдеби журналы. Редакторы - Қ.Кемеңгерұлы. М.Жұмабайдың «Балапан» қанат қақты» атты аллегориялық әңгімесі осы басылым туралы. Бұл журнал жөнінде С.Садуақасұлы «бірыңғай беллетристика жариялайтын басылым» деп көрсетеді. Қ.Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» атты зерттеуінде «Балапанның» 1917 жылғы 5-санынан үзінді келтірілген. Мұнда коғамның ауыр халі ащы сыналады. Бұл журнал Алашқа тыныс болған жас толқынның қалам тәжірибесін шындаған мектеп болып тарихқа енді.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub