Берен Кежім
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Берен Кежім – ат сауытының бір түрі. Тері не мата астарға, жабуға жалпақ-жалпақ болат тақташаларды қайыспен не шегемен бекітіп жасалатын берен кежім аттың мойнын, кеудесін, сауырын, бүйірін жауып тұратын бірнеше бөліктерден құралады. Бұл сауыт бөліктері бір-біріне баумен, ілгекпен жалғанады. Хандар мен атақты батырлардың атына арналған берен кежінің астына қалың матадан жабу салынып, етегі шашақпен әшекейленеді. Петроглифтерде осындай сауыт кигізілген ат үстіндегі батырлар бейнелерін кездестіруге болады;<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>