Сламихин шайқасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:31, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сламихин шайқасы - Азамат соғысы кезінде, 1919 жылы наурызда қазіргі Казталов ауданындағы (Фурманов) болған ұрыс.

1919 жылы көктемде Сламихин станицасы (қ. Жалпақтал) Жайық ақ казактар армиясының қорғаныс орталығы болды. 1919 жылы наурызда қызылдардың 4-армиясының В.Чапаев бастаған әскери тобы (бригада және жеке полк) Сламихин станицасына шабуыл жасап, оны басып алады. Д.А.Фурмановтың «Чапаев» атты романында «Сламихин шайқасы» атты тарау бар.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub