Төлеген Жамалбекұлы Егембердиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Төлеген Жамалбекұлы Егембердиев (6 қаңтар 1950 жылы туған, Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Тескентоған ауылы) – медицина ғылымдарының докторы (2006).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1992). Алматы мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Жамбыл облысы ауруханасында хирург-ординатор (1972–76) болып істеді. А.Н.Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименттік институттың жүрек-тамыр хирургиясы клиникалық ординатурасында (1976–78) оқыған. Кейін Сызғанов атындағы Ғылыми хирургия орталығының жетекші ғылыми қызметкері болды. Егембердиев ұсынған жаңа типті жасанды тамыр биопротездері 1979 жылдан бері жүрек-қан тамырларын хирургиялық емдеуде және бүйректі ауыстырып салуда (аллотрансплантация) кеңінен қолданылуда. «Сосудистые заменители в хирургическом лечении окклюзионных поражений брюшной аорты и артерий нужных конечностей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Егембердиев 50-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектің авторы. Ресей Тамырлар хирургиялық қоғамының мүшесі (1992).<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төлеген Жамалбекұлы Егембердиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}