Адамды ұрлау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Адамды ұрлау (Үлгі:Lang-en) - қылмыстық заңга сәйкес — жеке адамға қарсы қылмыс.
- Адамды ұрлау — төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Дәл сол әрекет:
- алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
- бірнеше рет;
- өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып;
- қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
- кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;
- кінәліге жүктілік жағдайында екендігі керінеу әйелге қатысты;
- екі немесе одан да көп адамға қатысты;
- пайдакүнемдік ниетте жасалса - мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады
- Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
- ұйымдасқан топ жасаса;
- ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
- абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, — мүлкін тәркілеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады..<ref>Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Заң Үлгі:Wikify