Толымбек Ғабділәшімұлы Ғабділәшімов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:01, 2015 ж. тамыздың 29 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Толымбек Ғабділәшімұлы Ғабділәшімов (24 тамыз 1950 жыл) - саясаткер, Қазақстан патриоттары партиясы төрағасы, медицина ғылымдарының докторы.
Білімі
- Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, дәрігер.
- «Әділет» жоғары құқық мектебі заң академиясын бітірген, заңгер.
Қызмет жолы
- Онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институтында учаскелік дәрігер, дәрігер-хирург, бөлім меңгерушісі
- Қазақтың дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институты онкология кафедрасының ассистенті, профессоры
- Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Денсаулық сақтау комитетінің консультанты
- Қазақстан Республикасы МАК химиялық, биологиялық, медициналық және ауылшаруашылық ғылымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары
- Сенат Аппараты комитеттермен жұмыс істеу бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен баланың денсаулығын қорғау бағдарламаларын үйлестіру бөлімінің бастығы
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заң шығарушылық қызмет және мониторинг орталығының, заң жобалау жұмыстары орталығының сектор меңгерушісі, Заңнама бөлімінің бас консультанты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.
- ҚР Парламент Сенаты аппараты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісі.<ref>Толымбек Ғабділәшімұлы Ғабділәшімов</ref>
- 2015 жылдың тамызынан - Қазақстан патриоттары партиясы төрағасы.<ref>Патриоттар партиясының төрағасы</ref>
Марапаттары
Үш медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.