Виссарион Андреевич Шамардин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:05, 2015 ж. мамырдың 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Виссарион Андреевич Шамардин (28.10.1941, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1982), профессор (1994).
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер, зертхана меңгерушісі (1964–1987), Орта Азия обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі (1987–1992) болған. 1992 жылдан Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде декан қызметін атқарады.
160-тан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы. 18 өнертабыстың иегері.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>