Земфира Сергеевна Ермолова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:27, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Земфира Сергеевна Ермолова (9 сәуір 1925 жылы туған, Ресей, қазіргі Тверь облысы, Торжок қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1977), профессор (1979).

Мәскеу медицина институтын бітірген (1951) соң Пермь облысы Боровск қаласындағы облыстық ауруханада дәрігер-хирург, бөлім меңгерушісі (1951–54), Рязань медицина институтында ассистент, доцент (1954–77), Ақмола мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі (1977–92) болып істеді. 1992 жылдан осында профессор қызметін атқарады.

Оның негізгі ғылыми жұмыстары топографиялық анатомия саласын зерттеу мәселелеріне арналған. Ермолова 96 ғылыми-зерттеу еңбек пен оқу құралдарының авторы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub