Роза Құсайынқызы Мұстафина
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:23, 2015 ж. сәуірдің 6 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Роза Құсайынқызы Мұстафина (1938 жылы туған, Шу ауданы, Төле би ауылы) – ғалым, медицина ғылым докторы (1990), профессор (1998). 1962 жылы Алматы медциналық институтын, 1965 жылдары аспирантураны бітірген. 1965 – 80 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Онкология және радиология институтында аға ғылыми қызметкер болды. 1980 жылдан зертхана меңгерушісі, аға ғылым қызметкер, профессор қызметтерін атқаруда. 3 ғылым кандидатын тәрбиелеп шығарған. 164 ғылыми еңбек жазған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />