Атқарушы және билік жүргізуші органдар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:24, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Атқарушы және билік жүргізуші органдар — Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдарының жетекші буыны. Оған ҚР Үкіметі, респ-ның министрліктері, мемл. к-ттер мен идаралары (ведомстволар), жергілікті атқарушы органдар, мемл. мекемелер мен кәсіпорындардың әкімш-тері жатады. Мемл-тің әлеум.-экон. саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; мемл. меншікті басқаруды ұйымдастырады; сыртқы саясатты жүргізу шараларын іске асырып, респ. заңдарымен белгіленген басқа да міндеттерді атқарады. Бұл органдар өздерінің атқарушылық және билік жүргізушілік қызметтерінің мазмұнына орай мемл.-өкіметтік уәкілеттіктерді, яки, құқықтық актілерді шығару және оларды жүзеге асыру құзіретін иеленеді. Тұтастай алғанда, бұл органдарға дербес құқық шығару, құқық қолдану және құқық қорғау уәкілеттері берілген. А.ж.б.ж.о. қызметінің заңға бағыныштылығы — олардың құқықтық ахуалының ең басты мәні. Олар өздерінің атқарушылық және билік жүргізушілік сипаттағы қызметтерін Конституцияның, заңдардың талаптарына сай, өз құзіреттерінің шегінде атқаруға тиіс.

Үлгі:Суретсіз мақала