Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:53, 2012 ж. наурыздың 1 кезіндегі Ulan (Талқылауы) істеген түзету

1990 жылы Бас Ассамблеяның Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) 9-шы сессиясында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін жыл сайын наурыздың 1-інде атап өту туралы шешім шығарылды. 1972 жылы дәл осы күні ХАҚҰ-ы үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болған.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін аталып өтеді.