Метрит

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:23, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Метрит (грек. metra — жатыр) — жатырдың кілегей және етті қабығының қабынуы. Метрит көбінесе жатырға инфекция (стрептококк, стафилококк) өтуінен, сондай-ақ аборттан кейін, қиналып босанудан болады. Кейде туберкулез, баспа т. б. жедел өтетін аурулардан кейін болуы мүмкін. Жатырға өткен инфекция жатырдың ішкі қабығын қабындырады (эндометрит}, ал уақытылы емделмесе кілегей қабығының қан және лимфа түйіндері арқылы ет қабатына өтiп, метроэндометритке айналады. Жедел басталған метрит кезінде дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, жатыр ұлғаяды, жатырдан қан аралас ipiң бөлінеді.

  • Емі: жедел түрінде кіндіктен төмен мұз басу, антибиотиктер, сульфамиламидты препараттар, ал созылмалы метрит кезінде физиотерапия әдістері қолданылады. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1976. Том 8</ref>

Дереккөздер

<references/>